Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырманға елімізді таныстырады.
– Қазақстан өзінің табиғатымен, қонақжайлылығымен, дамуға деген ұмтылысымен терең әсер қалдырды. Мен бұл ел туралы Еуропада мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын, – деп атап өтті Дерья Сойсал.
2018 жылы «Kazakh Tourism» елімізге туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған «Туризм елшісі» бағдарламасын қолға алды. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа, цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылып жатыр. Бұған дейін құрметті миссияны әйгілі әнші Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума, Қытайдың инфлюенсері Таотао қабылдады.