Қоғам • Бүгін, 10:24

Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны рас па?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен 2024 жылы Ұлттық банк жетекшілері өздеріне қомақты көлемде – 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны туралы сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны рас па?

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, 2024 жылы Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы жаздырып алғаны туралы ақпарат тарады. Ал, сол жылы банк 355 млрд теңгеге шығынға ұшыраған. 

Журналист мұндай жағдайда миллиардтаған сыйақы тағайындаудың қисыны туралы сұрады. Алайда, модератор бұл мәселені талқылауды «күн тәртібіне сай емес» деп тоқтатты.

Осылайша, қоғамда үлкен пікірталас тудырған сыйақы мәселесіне қатысты нақты жауап тағы айтылмады.