Қоғам • Кеше

Елімізде тұмау өршіді: 7 өңірдің оқушылары қашықтан оқитын болды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 облыста балалар арасында ЖРВИ мен тұмау өршіп, кейбір мектептер уақытша қашықтан оқыту форматына көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тұмау өршіді: 7 өңірдің оқушылары қашықтан оқитын болды

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі таңда 132 мектептің 1469 сыныбы қашықтан оқуға көшкен. Олар:

  • Астана – 182 сынып,
  • Шығыс Қазақстан – 204 сынып,
  • Абай облысы – 276 сынып,
  • Жамбыл облысы – 598 сынып,
  • Қостанай облысы – 168 сынып,
  • Ақмола облысы – 21 сынып,
  • Қарағанды облысы – 20 сынып.

Бас Мемлекеттік Санитарлық Дәрігер Сархат Бейсенова атап өткендей, егер сыныптағы балалардың 20%-дан көбі ауырып тұрса, онда сынып кабинетті жүйеге көшеді. Ал, 30%-ы ауырған жағдайда сынып түгел қашықтан оқиды.

Қазір барлық өңір бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.