– «60 секундтық қауіпсіздік» жобасы дауылды ескертулердің маңыздылығы мен ауа райының қолайсыз жағдайына алдын ала дайындалу қажеттілігі туралы қысқаша шолу жасады. Оның мақсаты – қауіпті ауа райы құбылыстары кезінде әр адамның қауіпсіздігін сақтауға көмектесетін қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелерді еске салу.
112 қызметі жіберген жедел хабарламалар алдағы ауа райы, қауіп-қатер туралы уақытында білуге және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Ауа райы жағдайының күрт нашарлауы туралы ақпарат алған кезде әрекет ету тәртібін білу маңызды, – деп ескертті ТЖМ.
Ведомство азаматтарды ресми ескертулерге мұқият назар аударуға, 112 қызметінен келетін хабарламаларды үнемі тексеруге және ауа райының мүмкін өзгерістеріне алдын ала дайындалуға шақырады.