АСТАНА. 24 маусым. Облыс әкімінің өкімімен Сұлтан Ысқақұлы Мақашов Қармақшы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау барысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, қажырлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Мақашов Сұлтан Ысқақұлы 1961 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын және 2001 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген. Инженер-құрылысшы және заңгер біліктіліктері бар.
Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған. 1984-1992 жылдары - Қазалы аудандық № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб болып жұмыс жасаған. 1992-1995 жылдары № 2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, «Казалинскводстрой» тресінің № 86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы болып еңбек еткен. 1995-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, аталған ауданының бас сәулетшісі, «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры қызметтерінде жұмыс жасаған. 2012 жылдан осы кезге дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары болып қызметін атқарған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22