Аймақтар • Кеше

Қарағанды өңірінде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс аумағындағы Шет ауданына қарасты Төменгі Қайрақты ауылы тұрғындары алкоголь өнімдерін сатуға толық тыйым салу жөнінде бірауыздан шешім қабылдап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды өңірінде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Фото: Polisia.kz

Аталған ауылда 730 тұрғын бар. 17 көшеде орналасқан 210 үй, сондай-ақ 4 дүкен және тойхана секілді әлеуметтік нысандар бастаманы толық қолдап отыр.

Тұрғындардың жалпы жиналысында ауылдың учаскелік инспекторы, әкім және ақсақалдар кеңесі көтерген бастамада алкогольдің денсаулыққа зияны, қылмыс деңгейіне ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайына әсері туралы нақты дәйектер келтірілді. Ұсынысты тұрғындардың басым бөлігі қолдап, шешім бірауыздан қабылданды.

Мұндай бастама Қарағанды облысында алғаш рет қолға алынып отырған жоқ, бұған дейін аймақтың 69 ауылында алкоголь сатуына шектеу енгізілген. Бұл көрсеткіш – қоғамның салауатты өмір салтына бет бұрып келе жатқанын айқын көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар