Саясат • Бүгін, 07:45

ЭЫДҰ алаңында реформалар нәтижелері таныстырылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Париж қала­с­ын­да Экономикалық ынтымақ­тастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы жұмысын бастады. Екі күндік іс-шараға Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.

ЭЫДҰ алаңында реформалар нәтижелері таныстырылды

Агенттік төрағасы өз баяндама­сын­да ЭЫДҰ-ға 17 жылдық ынтымақ­­тастығы үшін алғысын білдіре отырып, «ЭЫДҰ-ның Қазақ­стан­­­дағы қоғам­дық адалдық жөніндегі шолуы» жария­лануын осы ынты­мақтас­тықтың маңызды нәтижесі екенін айтты. Бұл құжат сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тетіктердің тұрақ­ты­лы­ғын бағалайды және 2022–2026 жыл­­дарға арналған Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы саясат тұжы­рым­дамасын іске асырудағы маңызды кезең.

«Біз құндылықтар жүйесін формалды орындаушылықтан саналы қызмет етуге көшіріп жатырмыз», деді Д.Жазықбай. Өз сөзінде агенттік төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару мәдениетін өзгерту бағытына бастама көтергені атап айтты.

Оның айтуынша, бұл жұмыстың негізгі элементі – барлық деңгейде адал­дық жүйесін қалыптастыру. Мек­теп­терде «Адал азамат» бағдарла­ма­сы енгізіліп жатыр, жоғары оқу орындарында академиялық адалдық модульдері оқытылуда, ал мемлекеттік қызмет­шілер үшін әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бо­йынша үздіксіз оқыту міндетті негізде жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар агенттік төраға­сы еліміз сыбайлас жемқорлық­тың салдарымен күресуден оның себептерін алдын алуға бағытталған жүйелі трансформация жолына түскенін атап өтті.

Баяндамада атап өтілгендей, Қазақстан ЭЫДҰ Кеңесінің қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына қосылуға мүдделілік танытып отыр. Бұл біздің Республикамыздың БҰҰ, ЭЫДҰ және ГРЕКО ұстанымдары мен халықаралық стандарттарын қол­дайтынын айғақтайды.