Құрылыс • Кеше

Студенттер сарайын жөндеу: Қоғам белсендісінің сынынан кейін ҚазҰУ эскиздерді көрсетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Баспасөз қызметі Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың сынынан кейін Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының эскиздерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Студенттер сарайын жөндеу: Қоғам белсендісінің сынынан кейін ҚазҰУ эскиздерді көрсетті

Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы пайдалануға берілгеннен бері 30 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Соның салдарынан ғимарат тозып, техникалық жағдайы айтарлықтай нашарлаған.

х

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жағдайын тексеріп, тіреуіш және қоршау конструкцияларынан бірқатар ақаулар анықтады: жекелеген темірбетон арқалықтар мен қабырғалардың болмауы, тіреуіш колонналардың тот басуы және қисаюы, түйісу бөліктерінің бұзылуы, жылу оқшаулау қабаты мен шатыр жабындысының зақымдануы. Ақаулардың басым бөлігі әрлеу қабаттарының астында жасырылған.

з

Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарға күрделі жөндеу әр 20-25 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтар айында Алматыда болған жер сілкіністері ғимаратқа елеулі зақым келтірді.

Анықталған ақаулар мен сейсмикалық қауіптерді ескеріп, университет ғимараттың сәулеттік келбетін сақтай отырып, оның конструкциялық беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысанды қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады.

з

з

з

з

Айта кетейік, желіде қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың ҚазҰУ аумағында орналасқан Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына сын айтқан видеосы жарияланған еді. Онда ол ғимараттың қасбетіндегі тас қабатының бұзылып жатқанын атап өтіп, бұл нысанның ауқымды реставрацияны қажет етпейтінін айтты. Ол мұны «вандализмнің тағы бір көрінісі» деп атап, сарайдың жақсы күйде екенін және әлі ұзақ уақыт бойы тұратынын жеткізді.