Оқиға • 13 Қараша, 2025

Астанада болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Полиция департаментінің мәліметінше, Chery Tiggo маркалы автокөліктің жүргізушісі Керей мен Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай, көше шамының бағанасына соғылған.

«Соққы салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды»,  делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар