Сурет ашық дереккөзден алынды
Биіктігі 22–25 шақырымға жететін бұл алып жанартау аты ежелгі гректердің қасиетті Олимп тауының құрметіне қойылған. Ал сол Олимп — бүгінгі Олимпия ойындарының тарихи бастауы. Марстағы Олимп шыңы өз «биіктігімен» жаһандағы рекорд иесі. Ал жердегі олимпиада — адам мүмкіндігінің шыңын көрсету бәйгесі. Бірі — табиғаттың ең биік жетістігі, екіншісі — адамзаттың ең биік амбициясы. Осылайша, екі түрлі әлемдегі екі «Олимп» ортақ мағынада тоғысады: шыңға ұмтылу рухы.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті