Өнер • Бүгін, 08:02

Парижде қазақ әндері қалықтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай, Парижде Қазақстанның Халық әртісі, опера әншісі-сопрано Майра Мұхамедқызының жеке концерті ұйымдастырылды.

Парижде қазақ әндері қалықтады

Сурет: qaz365.kz

Әншінің кәсіби мансабы дәл осы Париж қаласында әлем­ге әйгілі Бастилия опера театры­ның солисті ретінде басталып, кейін Страс­бург, Бордо, Ренн және Авиньон қала­ларында жалғасын тапқан еді. Екі онжыл­дықтан кейін Майра Мұхамедқызы фран­цуз тыңдармандарының алдында дү­ние­жүзілік опера сахнасының танымал жұлдызы ретінде қайта өнер көрсетті.

Қазақстанның Франциядағы елшілігі ұйымдастырған кеште «Біржан сал», «Ер Тарғын» және «Абай» операсынан алынған ариялар, сондай-ақ әнші шебер орындаған қазақтың халық әндері көрермен ықыласына бөленді.

Сахна төрінде Майра Мұхамед­қы­зы­мен бірге пианист Алияр Өтетілеу, Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті. Олардың шеберлігі әрбір туындыға ерекше эмоциялық әсер сыйлады.

Француз көрермендері концертті қоше­­метпен қарсы алып, әрбір орындау­ды ұзақ қол шапалақпен қазақ мәде­ние­тіне деген шынайы қызығушылық танытты.

Кештің құрметті қонақтарының қатарында Қазақстан мен Франция­ның өнер және мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық корпус пен іскер топ­тардың өкілдері, сондай-ақ Париждің 8-округінің әкімі Жанна д’Отсерр болды.