Өнер • Бүгін, 08:10

Шебердің қолы ортақ

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Форум жұмысына орай қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Онда он саусағынан өнер тамған шеберлердің ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары, табиғи сүт өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Өңірдің әр ауданынан келген ісмер жандар қолөнермен айналысу шеберліктерін шыңдаумен қатар, нәпақа табуға да септігін тигізіп отырғанын алға тартты.

Шебердің қолы ортақ

Ермек БАЙЫМБЕТОВА,

Балқаш ауданы Бақанас ауылының тұрғыны:

– Моншақтан түрлі бұйым мен сыйкәделер жасауды 20 жылдан бұрын қандастардан үйрен­ген едім. Міне, зейнетке шыққалы 6 жылға аяқ басты. Ең басты ермегіме әрі азғантай болса да табыс табуыма сеп болып отыр. Әр бұйым зор ықылас, шынайы шабытпен жасалады. Мысалы, күні кеше аяқтаған мына құмыраға 300 грамнан артық моншақ кетті.

 

ап

Еңлік ДӘУЛЕТКЕЛДІ,

Кеген ауданынан келген тігінші:

– Кеген ауылында жеке кәсіпкер Меруерт Нұрғазиева жетекшілік ететін қазақы киімдер тігетін шеберханамыз бар. 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Президентіміздің «Ұлттық нақышты ұлықтайық!» атты тапсырмасына орай, оюлы костюм, бүрмелі көйлек, үкілі тақия тігуді жандандырып келеміз. Жылдық өндірістік қуаты – 1 000 дана киім тігу. Биыл аудандық «Өнер» мектебінің өнерпаздар ұжымына, сондай-ақ мемлекеттік, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арнап костюмдер тіктік. Бұдан бөлек, қала, ауылдық жерлер­дегі балабақшалардан, мектептерден арнайы тапсырыс­тар қабылдаймыз. Себебі жұма күні ауданның білім мекемелерінде оқушылар ұлттық нақышта форма киюді дәстүрге айналдырған. Киімнің барлығына қажет ою-өрнектер қолмен жасалады. Сапалы болуына баса назар аударылады. Тігін цехында 3 шебер жұмыс істейміз. Тапсырысқа қарай кү­ніне 10 шақты, аптасына 100 шақты оқушылар формасы тігіле­ді. Оған қоса тоқыма заттар, бисерден бұйымдар жасаймыз.

 

ро

Эльвира СПАНОВА,

Алатау қаласы Жетіген шағын ауданының тұрғыны, шебер:

– Биылғы жылы құрақ көрпе­леріммен 660 құрақшы әлемдік рекорд жасаған «Аlaman Quraq-2025» жобасына қатысып, арнайы сертификат алдым. Бұл жетістік мені қанаттандыра түсті. Үйде іс тігемін. Үш бала өсіріп отырмын, оның біреуі ерекше бала, биыл 18 жасқа толады. Құрақ құраудың адам өміріне әсері зор, оған қоса күнкөріске де септеседі.