Медицина • Бүгін, 08:53

Барлық кепілдік сақталады

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы, басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.

Барлық кепілдік сақталады

Сурет: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі әлеу­мет­тік мәні бар, созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасына қа­тысты кепілдік толық көлемде сақ­талатынына сендіреді. Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, оларға қатысты медициналық көмекпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемі (ТМККК) шеңберінде-па­циент­тің сақтандыру мәртебесіне қара­мастан ұсынылады.

ТМККК пакетінде мыналар қалады: туберкулез, АИТВ инфекциясы, созылмалы вирустық гепатит, бауыр циррозы, қатерлі ісік, психикалық, мінез-құлық бұзылысы, орфандық ауру, жіті миокард инфарктісі (ал­ғашқы алты ай), нерв жүйесінің деге­неративті ауруы, ОНЖ демие­­лини­зациялық ауруы, эпи­леп­сия, цереброваскулярлық ауру (инсульттан кейінгі жағдай – бір жыл бойы). Тізбеге алғаш рет мыналар енгізілді: эпилепсия, цереброваскулярлық ауру­ (инсульттан кейінгі жағдай – бір жыл бойы). Мұндай шешім ұзақмерзімді бақылауды, тұрақты дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет ететін ауыр неврологиялық аурулардан зардап ше­ге­тін азаматтарды әлеуметтік қор­ғауды күшейтуге бағытталған.

Диспансерлік науқастардың Бірың­ғай тіркелімінің деректеріне сәйкес, елімізде эпилепсиямен ауыратын 94 мыңға жуық пациент, оның ішінде 31 мың бала тіркелген. Жыл сайын осындай диагнозы бар пациенттер 4 млрд теңгеге жуық сомаға 14 дәрілік затпен қамтамасыз етіледі. Эпилеп­сия­ны әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне енгізу пациенттерге уақтылы, тегін, білікті медициналық көмекке қол жеткізуге кепілдік береді, сондай-ақ тұрақты дәрілік сүйемелдеуді қамта­масыз етеді.

Цереброваскулярлық ауруларды әлеуметтік мәні бар аурулар (ӘМА) тізбесіне қосу пациенттерді үздіксіз оңалтумен, динамикалық бақылаумен, қалпына келтірудің ең маңызды кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеуді қам­тамасыз етуге, қайталанатын тамыр­лардың бұзылу қаупін азайтуға мүм­кін­дік береді. Инсульт­тан кейінгі алғаш­қ­ы 12 ай функ­цияларды қалпына келтірудің, мүгедектіктің алдын алудың шешуші кезеңі, сондықтан мемлекет дәл осы кезеңде кепілдіктерді күшейтеді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне қант диабеті, балалардың церебральды сал ауруы, дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы, ревматизм енеді. Бұл ретте медициналық көмектің көлемі қысқармайды, тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Барлық сақтандырылған пациент МӘМС жүйесі шең­­берінде емделуді, консультация мен дәрі-дәрмектерді тегін алуды жал­ғастырады.

Алғаш рет барлық әлеуметтік мәні бар аурудың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде жүргізілетін болады. Бұл ауруларды ерте анықтауды, емдеуді уақтылы бас­тауды қамтамасыз етеді.

Мемлекет азаматтардың жеңіл­детіл­ген санаттарына қатысты барлық кепілдікті сақтайды. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар ауру­лардың тізбесін жаңарту көмек­ті қысқарту емес, қаржыландыру тетік­терін жетілдіру, ең осал пациенттерге қатыс­ты кепілдікті күшейту екенін атап көрсетеді. Сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдар есебінен төленетін азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D, Е санаттары) сақтандыруды қаржылық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ӘМА-ның жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Шешім «Кейбір заңна­малық актілерге міндетті әлеу­меттік меди­циналық сақтандыру және меди­циналық қызметтер көрсету мә­селе­лері бо­­йынша өзгерістер мен то­лық­­ты­рулар енгізу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде қабылданды. Бүгінде елімізде «қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам, оның ішінде 5 625 бала тіркелген. Олардың барлығы қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады.