Елорда • Бүгін, 17:26

Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру бағытында бейнебақылау жүйесі айтарлықтай кеңейтілді. Бір жыл ішінде қаладағы камералар саны екі есеге өсіп, 60 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, елордада көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Осы мақсатта жол қозғалысын тиімді үйлестіру үшін Бірыңғай оператор – жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылған. Ол интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) арқылы қозғалысты басқаруды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда қаладағы 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген, ал бұл жұмысты толық аяқтау биыл жоспарланып отыр.

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Сонымен қатар жаңа бағдаршамдар орнатылып, бейнебақылау инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр. Presight AI Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Smart City жобасы аясында жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін 1200 жүйе іске қосылған. Барлық камералар бірыңғай ахуал орталығына біріктіріледі.

Соңғы жаңалықтар