Ғалам ғажаптары • Кеше

Жер астындағы мұхит

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жердің терең қабатында біз көрмейтін, бірақ көлемі орасан бір «мұхит» бар екенін білесіз бе? Бұл – минералдар ішінде бекіген ерекше су элементтері.

Жер астындағы мұхит

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ғалымдар мантияның 410–660 шақырым тереңдігіндегі жыныстарды зерттей отырып, осы қабатта су элементтерінің көп екенін анықтаған. Алмаз ішінен табылған рингвудит минералы олардың негізгі дәлелі бол­ды. Оның құрамында аздаған су элемент­тері бар, ал мұндай минерал бүкіл өтпелі қабатқа кең таралған. Демек, жер астындағы су қоры мұхиттардағы судан да көп болуы мүмкін. Бірақ бұл су тамшы күйінде емес, кристалл торында берік байланыс­қан түрде сақталады. Зерттеушілер мұндай су элементтері жанартау белсенділігі­не, жыныстардың балқу температурасына ­және мантия қозғалысына әсер етеді дейді. ­Яғни көзге көрінбейтін бұл «жасырын мұхит» жердің ішкі тынысын қалыптастыра­тын маңызды жүйе саналады.

 

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті