Фото: Oqu-agartu ministrligi
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент шетелдерде білім алып, тәжірибеден өтіп отыр.
«Қазақстан студенттері тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан және тағылымдамалардан өтті» дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Муханбетов.