Елорда • Бүгін, 17:57

Астанада 2800-ден астам жол жұмысшысы қар күреуге шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қар күреу жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 2800-ден астам жол жұмысшысы қар күреуге шықты

9 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан 16 172 текше метр қарды арнайы полигондарға 1 254 рейспен жеткізді.

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрден астам қар немесе 7 284 жүк көлігіне тең көлем шығарылды.

Қар тазалау барысында алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылып, кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолда және жаяу жүргінші аймақтарында абай болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше