Шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мен «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қоры бірлесіп қабылдаған.
Осылайша, Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы UMC орталығынан кейін Қазақстанда жүрек трансплантациясын өз бетінше жүргізу құқығы берілген екінші медициналық ұйым атанды.
Орталықта мұндай жоғары күрделі ота жасау үшін барлық жағдай қарастырылған. Жоғары білікті кардиохирург, анестезиолог, реаниматолог мамандар заманауи диагностика мен емдеу әдістерін жүргізіп отыр. Халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдық орнатылған.