Сурет: baq.kz
Мемлекеттік саясаттың сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ішкі саясатының негізгі құндылықтары, қағидаттары, мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған. Сонымен қатар жалпыұлттық стратегиялық міндеттерді түсінуді, бірлікті нығайтуды қамтамасыз ететін жаңа құндылықтар белгіленді.
Ішкі саясаттың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, ақпараттық, мәдени және басқа да салаларының алуан түрлілігін ескере отырып, тұжырымдама қазіргі заман жағдайында билік пен қоғам арасындағы тұрақты және тиімді өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға бағытталған саяси және идеологиялық шаралар жүйесін ұсынады. Ішкі саясатты іске асыру елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес дәйекті дамуын қамтамасыз ететін ішкі жағдайларды кешенді түрде қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Тұжырымдама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында және сөздерінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ конституциялық қағидаттар мен отандастарымыздың мүдделерін ескере отырып әзірленді. Сондықтан тұжырымдама – мемлекет пен қоғамды нығайтуға және дәйекті дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қалыптастырудың негізі.
Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,
Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары