Сурет: akorda.kz
Президент Әкімшілігі жарты жылдан аса уақыт бойы түрлі диалог алаңдарында Ұлттық құрылтай мүшелерінің, сарапшылардың, қоғамдық және ғылыми ұйым өкілдерінің қатысуымен пікірталастар ұйымдастырды.
Сарапшылық талқылаулардың нәтижесінде ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелейтін тұжырымдамалық құжаттың жобасы әзірленді.
Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеп, үйлестіруді көздейтін құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Сонымен қатар бұл қоғамға жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың идеялық мәнін және еліміздің болашақтағы бейнесінің айқын бағытын түсінуге мүмкіндік береді.
Ерлан ҚАРИН,
Мемлекеттік кеңесші