Спорт • Кеше

Кёрлингтен Қазақстан құрамасы жаһан чемпионатында күміс жүлде иеленді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Миннесота штатында өткен керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионаттан (Pan Continental Championships) еліміздің ерлер мен әйелдер құрамасы жүлделі оралды деп жазады Egemen.kz.

Кёрлингтен Қазақстан құрамасы жаһан чемпионатында күміс жүлде иеленді

Абылайхан Жүзбай (скип), Әділ Жұмағожа, Айдос Алиар, Дмитрий Гарагул, Ибрагим Тастемір бастаған ерлер құрамасы Бразилия, Қытайдың Тайпейі, Гайана, Гонконг, Үндістан, Мексика, Нигерия, Пуэрто-Рико, Сауд Арабиясы, Таиланд құрамаларына қарсы сынға түсті. В дивизионында топтық кезеңде 9 команданы жеңіп тек бір қарсыласынан ғана жеңіліп  2-орынды місе тұтты. Ал жартылай финалда Гайанадан 10:7 есебімен басым түссе, финалда Гонконгқа 9:10 есебімен есе жіберді.

А дивизионындағы 9 елдің арасында еліміздің әйелдер құрамасы да бар. Ангелина Эбауер (Скип), Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Пеняева, Кристина Рахманова сынды ұлттық құрама ойыншылары Бразилия, Қытайдың Тайпейі, Гонконг, Филиппин, Пуэрто-Рико, Таиланд елінің командаларымен тартысты.  Топтық кезеңде 4 мәрте жеңіп, 2 рет жеңіліп жалпы есепте  2-орынға ие болды. Жартылай финалда Пуэрто-Риконы 11:4 есебімен ұтқанымен, финалда Филиппинге 2:11 есебімен жол берді.