Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Білімсіз блогерге тыйым

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Қытайда арнайы білімі жоқ блогерлерге қаржы, медицина, заң және білім салаларына қатысты контент жасауға ­тыйым салынды.

Білімсіз блогерге тыйым

Сурет ашық дереккөзден алынды

Талапты орындамағандар қомақты айыппұл төлеп, аккаунттары біржола бұғатталуы мүмкін. Мұндағы мақсат – әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың тарауын тоқтатып, азаматтарды зиянды кеңестерден қорғау. Енді осы бағыттарда жазба жариялау үшін блогерлер тиісті диплом немесе кәсіби лицензия ұсынуы тиіс. Douyin, Bilibili және Weibo сияқты платформалар авторлардың біліктілігін тексеріп, жарияланған материалдардағы дереккөздердің дұрыстығын бақыламақ.