Мектеп • Бүгін, 17:44

Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр 

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі – Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназиясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыратын инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz

Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр 

Фото: Oqu-agartu minisrtrligi

Осы оқу жылында 1100-ден астам оқушы білім алып отырған мектепте балалар қауіпсіздігі үшін 170 бейнебақылау камерасы орнатылған. Барлық камералар жедел басқару орталығына қосылған және ғимараттың іші-сырты тәулік бойы бақылауда тұр. Ал, мектеп дәліздерінде полиция орталықтарымен тікелей байланыстыратын шақыру батырмалары орнатылған. Оқушылар мен қызметкерлердің мектепке кіру-шығуын бақылау үшін «Alaqan Mektep» жүйесі енгізілген.

«Мұғалімдерді қолдау мен олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, әр оқушының тұлға болып қалыптасуына қолайлы орта құру – тікелей директордың жауапкершілігінде. Осы тұрғыда қалай жұмыс істеп, қандай шаралар қабылдау керектігін біз «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында меңгердік. Бұл бағдарлама сапалы мектеп басшыларының жаңа толқынын қалыптастыруға үлкен серпін берді», дейді Манаргүл Тохан.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше аталған мектепте сондай-ақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, тәжірибе алмасу, құндылыққа негізделген білім беру мәдениетін қалыптастыру бағыттарына баса назар аударылған. Мұғалімдер әдістемелік бірлестіктер арқылы бір-бірінен үйреніп, білім беру мазмұнын жаңғыртуға белсенді қатысып жатыр.