Фото: Максим Золотухин
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмас Жанбыршының айтуынша, 2014 жылы Қарасай және Талғар аудандарының қосылуы нәтижесінде 29 шағын аудан - Ерменсай, Қарғалы, Ремизовка және т.б. құрылып, олардың саны 171 мыңнан асады.
«Аудандар жеткілікті инженерлік және көліктік қамтамасыз етусіз қалыптасты, бұл бүгінде көлік және коммуналдық инфрақұрылымға салмақ түсіреді, сондай-ақ сейсмикалық және экологиялық тәуекелдерді тудырады. Мораторийді енгізу табиғи ландшафтты сақтауға және қаланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған», деді спикер.
Ол Алматы қаласының аумағында құрылыс салу ережелеріне мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:
Бас жоспарда көзделген әлеуметтік инфрақұрылым және туристік кластер объектілерін қоспағанда, көп пәтерлі тұрғын үйлер мен кешендер салуға тыйым салу.
Қолданыстағы көлік және инженерлік инфрақұрылымға жүктеме тудырса тығыз аймақтарда (нүктелі) құрылысқа тыйым салу.
Шектеулер қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, қайта жоспарлауға, жаңғыртуға және күрделі жөндеу кезінде қолданылмайды.
Сессияда нақтылағандай, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мектептер, ауруханалар, балабақшалар және қала тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басқа да инфрақұрылымдар жатады. Туристік нысандарға қала тұрғындарының, Алматы қонақтарының, шетелдік туристердің жайлы демалуы үшін қонақ үйлер мен басқа да туризм нысандары жатады. Бұл нысандардың қабаттылығына келетін болсақ, бұрын енгізілген базалық шешім әрекет етеді - үш қабаттан немесе 12 метрден жоғары болмауы керек.
Осы мораторийді орындау шеңберінде 2023 жылғы 3 мамырда бекітілген қаланың Бас жоспарын түзету жоспарланып отыр. 2026 жылдың мамыр айына дейін түзетулер енгізу жоспарланған.
Айта кетейік 2025 жылғы 3 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылау көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысына және қаланың жоғарғы бөлігіндегі нүктелі құрылысқа мораторий енгізуді тапсырған болатын.