Ғалам ғажаптары • Кеше

Тегін өзгерткен технолог

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыр жер бетінде небір қызық есімдер кездеседі. Канададағы Apple Store дүкенінде жұмыс істеген Сэм Сунг есімді азаматтың визиткасында «Sam Sung – Apple» деген жазу тұрған. Бұл сәйкестік желіде тез таралып, жұрт оны «Эплдің Самсунгі» деп атап кеткен.

Тегін өзгерткен технолог

Алғашында Сэм Сунг бұл жағдайды өзінің ерекшелігі деп қабылдаған. Тіпті визиткасын қайырымдылық аукционына қойыпты. Бірақ уақыт өте келе оның аты-жөні брендтер арасындағы бәсекенің нышанына айналып, өзін жайсыз сезіне бастаған. Арада 12 жыл өткен соң, ол журналистерге берген сұхбатында тегін ресми түрде өзгерткенін мойындады. «Егер мені Apple компаниясы жұмыстан шығарса, бұл дау тіпті ушығар еді» дейді ол.