Форум • 25 Қазан, 2025

Әлеуметтік сала мамандарының еңбегі бағаланды

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Әлеуметтік сала мамандарының еңбегі бағаланды

Форумға Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк пен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы қоғам дамуы­ның маңызды буыны ретін­де әлеуметтік қызметкерлер мәр­тебесін көтеруге, әлеуметтік қорғау жүйесін реформалауға үлкен көңіл бөліп отыр. Премьер-министр өз сөзін­де елімізде әлеуметтік қорғау­дың тиімді жүйесін құру бойынша жүр­гізіліп жатқан жұмыстарға тоқ­та­лып, әлеуметтік қорғау саласы қыз­мет­керлерінің ардагерлер мен қоғам­дық ұйымдар өкілдерінің, аза­мат­тардың осал топтарын қолдау­ды қам­тамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында мемлекет әр азамат­тың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасайтынын айтты. Бұл орайда әлеуметтік теңсіздікті жою, арнаулы әлеуметтік қызметтер жү­йесін дамыту мен осы бағытта ең үздік халықаралық стан­дарттар­ды енгізу мемлекеттің басым мін­дет­терінің бірі болып қалып отыр. Бүгінде цифрландыру әлеу­мет­тік-еңбек қатынастарының бар­лық саласына белсенді түрде ен­гізі­ліп, үлкен деректерді өңдеуге мүм­кінд­ік беріп отыр», деді О.Бектенов.

Бұл бағытта Үкімет жүйелі жұ­мыс­­­тар жүргізіп жатыр. 2021–2025 жыл­­дар аралығында арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсету орт­а­лық­тарында жұмыс істейтін әлеу­мет­тік сала қызметкерлерінің жала­қы­сы 2 есе өсті. Сондай-ақ әкім­­шілік пен көмекші қызмет­керлер­дің, мемлекеттік медицина­лық-әлеуметтік мекемелер, үйде күтім жасау және уақытша болу ұйым­дары қызметкерлерінің жалақы­сы олардың қолданыстағы қосым­ша ақыларының мөлшерін база­лық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына дейін ұлғайту жолымен көбейтілді.

Елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында барлығы 40 мың маман (медицина қызметкер­лері, арнайы педагогтер мен әлеумет­тік қызметкерлер) жұмыс істей­­ді. Әлеуметтік кодексте орында­ла­­тын жұмыстардың кәсіби деңгейі мен күрделілігін ескере отырып, оқыту, сертификаттау, санаттар беру мен еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйе­сін енгізу арқылы әлеумет­тік қыз­меткерлердің мәртебесін арттыру көзделген.

Халықаралық форум барысында қатысу­шыларға елімізде азамат­тар­дың осал санаттарын қолдау үшін кеңі­нен қолданылатын цифр­лық ше­шім­дер ұсынылды. Оның ішінде бір­ың­ғай цифрлық плат­форма, әлеу­мет­тік қызметтер пор­та­лы мен 2024 жыл­дың үздік жоба­сы деп таныл­ған от­басы­ның цифр­лық кар­тасы сияқ­ты ин­но­ва­ция­лық жоба­лар бар. Кар­та­да 6 млн қазақ­стан­дық отбасы туралы деректер бар, аза­­мат­тар­ға мемлекеттік қызмет­тер­дің 11 түрі проактивті форматта ұсынылады.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту шеңберінде Қазақстан халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізіп жатыр. Мү­ге­­дектігі бар жандардың, халық­тың әлеуметтік осал топтарының құқық­­тарын қорғауға, арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер жүйесін дамыту­ға бағыт­талған бірқатар бірлес­кен жоба жүзеге асырылып келеді. Алдағы бес жылға арнал­ған инклюзивті сая­сат тұжырым­дамасы қабылданды, БҰҰ-ның Мүге­дектердің құқықтары туралы конвенциясы ратификация­ланды. Халықаралық еңбек ұйы­мы­мен серіктестікте ұлттық заңна­маны жетілдіру бойынша келісілген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Форумда Халықаралық әлеумет­тік қамсыздандыру қауымдасты­ғының (ХӘҚҚ) президенті доктор Мохаммед Азман Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Форум алаңында Премьер-ми­нистр бір­қатар технологиялық ше­шім­­дермен танысты. Атап айтқан­да, Жамбыл облысынан келген отан­дық стартапшылар жасанды интел­лектіге интеграцияланған цифрлық технологиялар көмегімен тіл мен бас қимылдары арқылы мүгедектер арбасын басқару әдісін таныстырды.

* * *

Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша Республика күніне орай Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек ардагерлеріне, теміржол, тау-кен металлургия, энергетика, медицина, білім, ғылым салалары қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті.