
300 орынға арналған білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына және сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.
Мұнымен қоса, STEM-зертхана, жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар, робототехника мен графикалық дизайн кабинеттері, түрлі үйірмелерге арналған арнайы бөлмелер жұмыс істейді.
Мектепке жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 22 интерактивті тақта орнатылған.
Білім ордасы қауіпсіздік тұрғысынан да заманауи талаптарға сай. Мұнда полициямен тікелей байланыс орнатуға арналған дабыл түймелері қойылған. Олар бейнекамералармен жабдықталған, бұл төтенше жағдайда ахуалды жедел анықтап, тез әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай қарастырылған.
Мектеп аумағы да абаттандырылған: футбол, волейбол, баскетбол және хоккей алаңдары, сондай-ақ воркаут аймағы бар.
Қарағанды облысы
Шет ауданы