Мәдениет • Бүгін, 12:44

Елордада «Елім дегендер» байқауы өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы  Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Елордада «Елім дегендер» байқауы өтті

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, жастар арасында достық пен татулықты дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14-35 жас аралығындағы талантты жастар үш номинация – халық әндерін орындау, көркемсөз оқу және эссе жазу бойынша бақ сынасты.

Нәтижесінде бас бәйге иегерлері анықталды. «Халық әндерін орындау» номинациясы бойынша Шымкент қаласынан келген  Акрам Ирисметов үздік атанды. «Көркемсөз оқу» бағытында Жаркент қаласының намысын қорғаған  Мархаба Асанова жеңімпаз болды. Ал «Эссе жазу» номинациясында Павлодар қаласынан келген  Алсу Рахматуллина озық шықты.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 3 миллион теңге.

Байқау барысында өзге этнос жастарының мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі мен өнер көрсетуі қазақ тілінің бірлік пен өзара түсіністік құралы ретіндегі маңызын айқын көрсетті.

Айта кетейік, бұл жоба жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.