Теннис • Бүгін, 08:20

Еленаның жарқын жеңісі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Нинбо қаласында өт­кен WTA 500 халық­ара­лық тур­нирінің бас жүлдесін еліміздің бірінші ракеткасы Е.Рыбакина жеңіп алды. Осы толайым табыстың арқасында Елена аптаның басынан ресми түрде әлемнің жетінші ракеткасы болады.

Еленаның  жарқын жеңісі

Турнирдің бірінші айналымында бос болған Е.Рыбакина екінші турда украиналық теннисші Даяна Ястремскаямен (№30 WTA) кездесті. Аса тартыс­ты өткен ойын жерлесіміздің пайдасына шешілді, есеп – 6:4, 6:7(6), 6:3. Ширек финалда Елена аустралиялық Айла Томляновичті (№104) тас-талқан етіп ұтты – 6-2, 6:0. Жартылай финалда ежелгі қарсыласы, италиялық Жасмин Паолиниді де еркін еңсерді, есеп – 6:3, 6:2. Шешуші кездесуде ресейлік Екатерина Александрованы үш сетте, 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Нинбо корттарында бұр­нағы ойынын тапқандай, барынша жинақы ойнап, ше­бер­ліктің нағыз үлгісін көрсет­кен Елена қоржынына 500 рейтингтік ұпай салып, 101 000 доллар (54 259 220 теңге) табыс тапты. Сөйтіп, 1–8 қараша аралығында Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласында өте-тін жылдың қорытынды тур­нирі-не қатысу мүмкіндігі арта түсті.

Жалпы, бұл жеңіс Е.Рыба­кинаның биылғы маусымдағы екінші жетістігі. Мамыр айының басында ол Францияның Страс­бург қаласында өткен WTA 500 са­натындағы турнирде топ жарған болатын.

Қазірде Е.Рыбакина 4505 рей­тингтік ұпайға ие, оның ең жақын ізбасарларында сәй­кесінше 4449, 4319 ұпай бар. Сондай-ақ рейтингте алтыншы орында тұрған Жасмин Пао­ли­ниден бар-жоғы 20 ұпайы кем еке­­нін де айта кеткен
жөн.