21 Наурыз, 2015

Телеарна экзит-полл өткізбекші

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
КТК телеарнасы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Президент сайлауында exit-poll жүргізуді қаржы­лан­дыратын болады. Осыған орай, кеше аталмыш телеарнаның кеңсесінде баспасөз мәслихаты өтті. Телеарнаның сайлау учас­­келерінің шығаберісінде сайлау­­шылар арасында сауал­на­ма жүр­гізуге тапсырыс беруі – бұл Қа­зақстан жағ­дайында ал­ғаш­қы тәжірибе. Тап­сырыс­ты «Стра­тегия» әлеу­мет­тік және саяси зерттеулер орта­лығы орындайды. Экзит-полл сайлау үде­рісінің маңызды құрамда­с­тары­ның бірі болып табылады. Оның нәтижелері сайлау­дың ашықтығы мен сайлау­шылардың дауысын санаудың әділеттігін бағалаудың құралы ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, экзит-полл сайлау күні азаматтардың дауыс беруі бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді, соның негізінде сайлаудың нәтижесін болжауға мүмкіндік бар. КТК телеарнасы Қазақ­стан­да экзит-полл өткізу тәжі­рибесінің дамуына өз үлесін қосуды маңызды деп санайды. Бұл іс-шара сайлау процесіне деген қоғамдық қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді, сонымен қатар қазақстандық сай­лаушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді. Сайлау күні КТК экзит-полл өткізілетін орындар­дан тікелей көрсетілімдер жүр­гі­зуді және дауыс беру үрдісі бой­ынша көрермендерді ақпарат­тандыруды жоспарлап отыр. Сауалнаманы 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі танымал зерттеу ұйымдарының бірі «Стратегия» орталығы жүзеге асырады. Бұл орталықтың зерттеу жүргізу саласында тәжірибесі мол. Сайлау күні орталық бүкіл ел бойынша 20 мыңнан аса сайлау­шылар арасында сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр. «Стратегия» сұхбат алушылары ауылдық және қалалық елді мекендердегі 200 сайлау учас­ке­лерінің шығаберісінде тұрады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.