Саясат • Бүгін, 09:05

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Фото: gov.kz

Мағжан Жанботаұлы  Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.