
Фото: ҚФФ
Команда тізімін қақпашы Темірлан Анарбеков бастап тұр. Ол қыркүйекте Алматыда өткен «Ақтөбеге» қарсы ойында жақ сүйегін сындырып, бір ай бойы алаңға шықпаған еді. Енді ол жарақатынан толық айығып, қайтадан негізгі құрамға қосылды.
Сондай-ақ сапқа Дастан Сәтбаев та оралды. Ол қазан айында алған жеңіл жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының ойындарын өткізіп алған болатын. Футболшы Катарда тексеруден өтіп, Петропавлдағы матчқа қатысуға дайын екені белгілі болды.