Аймақтар • Бүгін, 12:48

Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқар жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин ауылында Нұра өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Енді Теміртауға дейінгі жол үш есеге қысқарды. Бұрын тұрғындар 40 шақырым айналып өтсе, қазір 12 шақырым ғана жол жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді

Көпірдің құрылысы үш жылға созылды. Ұзындығы 150 метр болатын нысан толықтай асфальтталып, заманауи стандарттарға сай салынды. Бұрын пайдаланылып келген жаяу жүргіншілер көпірі алдағы уақытта бұзылатын болады.
Жаңа көпір іске қосылып, ауылға қоғамдық көлік қатынай бастайды. Бұл жергілікті тұрғындардың қалаға қатынауын едәуір жеңілдетеді.

Қарағанды облысы