Ғалам ғажаптары • Кеше

Айна алдындағы қоқиқаз

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зоопаркте қоқиқаз саны аз болған жағдайда олар көбеймей қояды. Өйткені табиғатта бұл құстар тек үлкен топ ішінде ғана өзін қауіпсіз сезініп үйренген.

Айна алдындағы қоқиқаз

Осыны ескерген мамандар зоопарктегі алаңға көптеген айна орнатқан. Айнадан өз бейнесін көрген қоқиқаз айналасында тағы да бір топ құс бар деп ойлайды. Сөйтіп, олар өзін қауіпсіз ортада сезінеді де, ұрпақ өрбітуге бейімделе бас­тайды. Ғалымдардың айтуынша, айна әдісі қоқиқаздардың ұя салып, көбеюіне айтарлықтай ықпал еткен көрінеді.