
Зерттеушілердің айтуынша, гинандроморф көбелектер ерекше назар аудартады. Өйткені олардың бір қанаты аталықтарға тән ашық жарқын түсті болса, екінші қанаты аналықтарға тән тұнық қою реңкте болады. Сол себепті мұндай ағзаны көрген адам алдымен оны екеуара жабысып қалған екі көбелек деп ойлап қалуы бек мүмкін. Бірақ бұл – өте сирек кездесетін құбылыстың бірі.