Ғалам ғажаптары • Кеше

Ақылды тотықұс

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Африкалық тотықұс Алекс 31 жыл өмір сүріп, ерекше қабілетімен есте қалды. Зерттеушілердің айтуынша, ол 100-ден астам сөзді үйреніп қана қоймай, түстерді, пішіндерді, сандарды ажыратып, кеңістік ұғымдарын меңгерген.

Ақылды тотықұс

Әдетте тотықұстар адамның сөзін қайталайды деп ойлаймыз. Ал Алекс сөзді қайталау былай тұрсын, ғалымдардың сұрағына жауап беріп, тіпті өзі де сұрақ қойған. Бірде ол зерттеушісінен: «Осы менің түсім қандай?», деп сұрапты. Ғалым оған: «Сен – сұр түсті тотықұссың» деп жауап берген екен. Қызығы, Алекс бұл жауапты есте сақтап қалған және кейін де сөз арасында қолданған. Сөйтіп, осы оқиға ғылым әлемінде үлкен пікірталас тудырды.