
Фото: polisia.kz
Аталған факті бойынша жүргізілген тексеру барысында жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы Halyk Bank мобильді қосымшасынан 407 000 теңге және Kaspi Bank қосымшасынан 167 000 теңге көлемінде қаражаттың рұқсатсыз шешіп алынғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті ретінде 25 жастағы Аягөз ауданының тұрғыны ұсталған.
Тергеу барысында ол 62 жастағы ауылдасының телефонын тауып алып, банк шоттарынан қаражатын өзге адамға аударған, кейін ақшаны жеке қажеттіліктеріне жарату үшін шешіп алғанын мойындаған.