Шығыс өңірі – қашаннан достық пен бірліктің алтын бесігіне айналғанын түрлі тағылымды шараларымен-ақ танытып келеді. Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық Достық үйінде «Бірлігіміз жарасқан!» этнофестивалі өтті.
Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың кепіліне айналған Ассамблея институтының құрылғанына биыл – 20 жыл. Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналды. Осы орайда этносаралық татулық пен тағаттылықты қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты сәтімен жүзеге асырған құрылымды дамыта түсу, мән-маңызын жете түсіндіру – қазақстандық қоғамның негізгі тіні болып отыр.
Бұл жолы этнофестивальға қатысушылар халық шығармашылығы арқылы еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген басты байлығы – қазақстандық келісім моделін насихаттады. Фестивальге өскемендік этномәдени ұйымдардың әншілері, вокалды ансамбльдері, би ұжымдары, музыкалық аспаптарда ойнаушылар мен көркем сөз оқушылар қатысты. Әр қатысушы өздерінің ұлттық ерекшелігі бойынша жасаған қолөнер туындылары мен кәдесыйларын Достық үйінің мұражайына табыс етті.
Белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы Я.Волкович пен украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Жампейісова Ассамблеяның бүгінде жалпы қазақстандықтарға ортақ азаматтық және халықтық институтқа айналғанын, еліміздің тұрақтылығы мен қоғамдық келісімін сақтау жолындағы негізгі тірегі екенін жеткізді.
– Ассамблеяның жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Оның негізгі міндеті мен мақсаты ХХІ ғасырда үнемі кеңейе түседі деп ойлаймыз. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты пайымы мен көреген саясатының көрінісі, – деді Г.Жампейісова.
Этномәдени ұйымдардың мүшелері фестиваль аясында азаматтық ұстанымға адалдық танытып, алдағы президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, фестивальға Ұлан ауданы Айыртау ауылының Гагарин атындағы мектебінің оқушылары арнайы келген екен. Жас меймандар Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы ғимаратымен, этномәдени ұйымдардың жұмысымен танысып, «Достық бесігі» атты фильмді тамашалады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30