Үкімет • Бүгін, 08:38

Аймақтық хаб құруды ұсынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Прези­дент әкімшілігі басшы­сы­ның орынбасары Ерболат Досаев Вашинг­тонда амери­калық «Honeywell» ком­­паниясының аға вице-пре­зиденті Стейси Бернардс­пен кездесті.

Аймақтық хаб құруды ұсынды

Қазақстандық тарап өзара ын­ты­мақтас­тықтағы оң серпінді атап өтіп, «Honeywell»-ге Қазақстан­мен мүдделі ұзақмерзімді әріптес­тік­ке деген ниеті үшін алғыс білдір­ді. Аэроғарыштық технология, өнеркәсіптік автоматтандыру мен жаңа материалдар жасау саласында әлемдік көшбасшы болып саналатын компания Қазақстанда 1998 жылдан бері 500-ден аса жобаны жүзеге асырған.

Ерболат Досаев еліміз анағұрлым әртараптан­дырылған, экологиялық және техно­логиялық экономиканы қалыптас­тыруға арналған ауқымды экономика­лық трансформацияны бастан кешіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ел «Honeywell» өндірісін локализациялап, одан әрі кеңейтуге, технологияларды енгізуге мүдделі. Ол компанияның Қазақстанда Орталық Азия, Кавказ елдеріне, Әзербайжан және аймақтағы басқа да мемлекеттерге қызмет көрсете алатын аймақтық хабын құруды қарастыруды ұсынды.

Біздің тарап «Honeywell»-дің қатысуын кеңейте түсу үшін бірнеше әлеуетті бағыт­ты белгіледі. Олар – Қазақстан кәсіп­орын­дарында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен мониторингтік мақсатта қолдану үшін «Honeywell» өнеркәсіптік қауіпсіздік және газ талдауын қадағалау жүйесін кеңейту, қалдықтарды азайту, энергия жинақтау жөніндегі ұлт­тық мақсаттарға қол жеткізу шең­беріндегі өнеркәсіп пен энергетика саласындағы жобалар.

Сондай-ақ кездесуге қатысу­шылар елі­міз­дің мұнай-газ нысан­дарындағы тех­но­­­логия­лық үдерістерді басқару жүйе­сіне ЖИ-ше­шім­­дерін енгізу туралы компа­­нияның ұсы­ны­сын талқылады. ЖИ-агент­терді енгізу өн­ді­рістің тиімділігін, қауіп­сіздігі мен сенім­ділі­гін арттыруға, үдерістерді оңтайлан­дыруға және шығын­ды азайтуға мүмкіндік береді.