
Қызығы, кей жануарлар уақытты басқаша сезінеді. Мысалы, масаның өмірі бірнеше сағат қана, ал тасбақа ғасырды көреді. Уақыт екеуі үшін бірдей өтсе де, оны қабылдау айырмашылығы орасан.
Ал адам үшін уақыт – ес пен ойдың өлшемі. Кей сәт көзді ашып-жұмғандай өтеді, кейде бір минут мәңгілікке ұқсайды. Демек уақыттың ағысы тек сыртта емес, біздің санада да бар. Бәлкім, уақыт ғаламның емес, адамның ішкі өлшемі шығар…
Дайындаған – Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті