Парламент • Бүгін, 10:25

Мәжіліс қатарына жаңа депутат қосылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына Әбутәліп Мүтәлі келді, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс қатарына жаңа депутат қосылды

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбутәліп Мүтәлі – «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек еткен.

Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше