Пікір • Бүгін, 08:43

Саяси жүйені жаңартудың айрықша бағыты

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елімізде саяси жаң­ғырудың жаңа кезеңі жүріп жатыр. Әділетті Қазақстан құру жолындағы стратегиялық бағдар айқындалды. Жаңа саяси және құқықтық институттар да қалыптасып жатыр. Қоғамның азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениеті артып келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту және оның тиімділігін арттыру – уақыт талабы.

Саяси жүйені жаңартудың айрықша бағыты

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Осы тұрғыдан алғанда, бір палаталы Парламентке көшу еліміздің сая­си жүйесін жаңғыртудың маңызды және өзекті бағыты деп есептейміз. Бұл бастама заң шығару үдерісін жеңілдетіп, шешім қабылдауды жеделдетуге, демократиялық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Парламент – халықтың өкілдік органы. Оның басты міндеті – азаматтардың мүддесін қорғау. Бір палаталы құрылым халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, өзара іс-қимылды оңтайландыруға толық мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, мұндай шешім көптеген елде оң нәти­жесін көрсетті. Мысалы, Дания, Швеция, Коста-Рика, Перу, Оңтүстік Африка сияқты мемлекеттер екі палаталы жүйеден бір палаталы Парламент­ке өтті. Олар мұнд­ай қадамға мемле­кет­тік басқа­ру тиімділігін арттыру, шығындар­ды азайту және заң шығару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барды. Аталған мысалдар көрсеткендей, Парламент құрылымын оңтайландыру – билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етудің, демократиялық институттарды нығайтудың және халықтың өкілдік ету тетіктерін жетілдірудің маңызды шарты.

Біз бұл реформаны Әділетті Қазақстан құру жолындағы саяси жаңғырудың қисынды әрі қажетті жалғасы деп санаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрыл­ған Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы алға қойылған міндеттерді сапалы және жүйелі түрде жүзеге асыру­ға толық дайын. Бұл топ парламенттік реформаны әзірлеу мен іске асыру бағытында тиімді пікірталас және кәсіби талқылау алаңына айналып, еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар енгізеді деп сенеміз.

 

Үнзила ШАПАҚ,

Мәжіліс депутаты 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше