Саясат • Бүгін, 08:38

Энергетика мен коммуналдық сектор жаңғырады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді.

Энергетика мен коммуналдық сектор жаңғырады

Энергетикалық және ком­мунал­дық секторларды жаң­ғыр­ту жөніндегі (ЭКСЖ) Ұлттық жобаны іске асыру бойынша жобалық кеңсенің отырысында 2029 жылға дейінгі жаңғырту картасын әзірлеу, Ұлттық жоба­ға Цифрлық теңгені енгізу, халықаралық қаржы институттарын тарту және аспаптандырудың қамтылуы мен қажет­тілігін талдау нәтижелері қаралды.

Келесі жылы ел бойынша 14 мың шақырымнан астам инже­нерлік желілерді жөндеу мен 8 мыңнан астам жабдықты ауыстыруға 1 трлн теңгеден астам қаржы қажет екені айқын болды.

Коммуналдық кәсіпорын­дар­­дың ин­вес­­тициялық­ тар­­тым­дылығын арттыру мақса­тын­да оларды ірілендіру бо­йын­­­ша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мем­ле­кеттік бағалы қағаз­дар (МБҚ) тетігі аясында төрт өңірде жылу желілері мен су тазар­ту кешендерін жаңғыртуға бағыт­талған 10 қанатқақты жобаға бөлін­ген 22,5 млрд теңгенің 47%-ы иге­рілді.

«Бәйтерек» холдингі Дүние­­­­­­жүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Эксим­­­банк­пен белсенді ынтымақтастық орнатып, олардың жобаларды қар­жыландыруға дайын екенін атап өтті. Өнеркәсіп және құры­лыс министрлігі өңірлер бойынша «ақылды» есептеу аспаптарын орнату қажеттілігін анықтады. 3 миллионнан астам су есептегіш, тағы сонша қаражатқа электр энергиясын есептегіш және 30 мың жылу есептегішін орнату жоспарланып жатыр.

Отырыс барысында Қанат Бозымбаев Ұлттық жоба аясында әзірленіп жатқан электронды сатып алу платформасының дайындық деңгейін тексеріп, оның алғашқы 3 модулін 1 қарашаға дейін іске қосуды тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер ЭКСЖ жобалары бойынша жылдар мен өңірлер бойынша қажеттілікті айқындап, деректерді отандық өндірушілерге беруді және B2B-кездесулер өткізуді тапсырды.

Жөндеу жұмыстарына қа­жет­тіліктер туралы ақпарат modernization.kz ресми сайтында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жария­ланады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше