Туризм • Бүгін, 10:15

Сұранысқа ие ұлттық парктер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері еліміздің ұлттық парктері 2 миллионға жуық туристі қабылдады. Бұл елімізде экотуризмге қызығушылық бар екенін көрсетеді.

Сұранысқа ие ұлттық парктер

Сурет: qaztourism.kz

Келушілер саны жөнінен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі көш бастап тұр. Биылғы қаңтар-тамыз айлары ішінде паркке 600 мыңнан астам турист барған. Ұлттық парк­ті қарағайлы ормандардың, жар­тастар мен көлдердің біре­гей үйлесіміне байланысты «Қазақ­станның Швейцариясы» деп атайды. Бурабай – отбасылық, сауық­тыру туризміне, белсенді демалыс түрлеріне арналған танымал бағыттардың бірі.

Екінші орынды Алматы қа­ласына жақын орналасқан Іле-Алатау ұлттық паркі иеленді. Жыл басынан бері оның табиғи ландшафттарын 507 541 турист тамашалады. Парк аумағы флора мен фаунаның алуан түрлілігімен, таудағы бағыттарымен ерекше­ленеді, экотуризм бойынша сұранысқа ие орындардың бірі.

Үштікті Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркі түйіндейді. Бұл ғажайып мекенді 350 мыңнан астам адам аралаған. Оның аумағындағы Көлсай мен Қайыңды көлдері – парктің басты табиғи нысандары.

Туристердің саны жөнінен Шарын, Баянауыл ұлттық парктері бестікке кіреді. Алматы облысында орналасқан Шарын шатқалы көпшілік арасында кеңінен танымал. Оған фототуризм, этноэкспедициялармен айналысатын саяхатшылар жиі барады.

Павлодар облысында орна­ласқан Баянауыл – еліміз аума­ғында құрылған алғашқы ұлттық парк. Бұл өңір жұмсақ климатымен, таулы ландшафттармен, көркем көлдерімен ерекшеленеді.