
Айтулы аспаптың тарихы да қызық. Эйнштейн бұл скрипканы 1890-жылдары Германиядан сатып алған екен. Ол неше түрлі физикалық формуладан шаршағанда немесе достарымен бас қосқанда осы аспапта ойнағанды ұнатқан. Кейін Америкаға қоныс аударған кезде Эйнштейн скрипканы әріптесі Макс фон Лауге сыйлапты. Ал әріптесі аспапты ғалымның жанкүйерлерінің біріне тапсырған. Сол сәттен бері скрипка жетпіс жыл бойы сақталып, бүгінге дейін жеткен. Қазір бұл аспап әйгілі ғалымның құнды жәдігеріне айналды. Бағасы да соны айғақтайды.