
Шараға Ақтөбе автожол колледжінің студенттері қатысып, 50 түп көктерек отырғызды.
Аталмыш акцияның мақсаты – болашақ әлем чемпиондарын дайындайтын спорт мектебінің айналасын көркейту, қаланы көгелдандыруға атсалысу және колледж студенттерін еңбекке тәрбиелеу. Екінші жағынан, тазалық акицясы кәсіптік-техникалық оқу орны мен спорт мектебі тәрбиеленушілерінің арасындағы байланысты нығайтады. Балалар аптаның соңында бірге табиғат аясында еңбек етіп уақыттарын жақсы өткізді.
Мұндай бастама қаладағы орта арнаулы оқу орындарының арасындағы байланысты нығайтады. Оның үстіне, қазіргі уақытта күзгі мамыражай ауа райы да тазалық акцияларын өткізуге және күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына қолайлы болып тұр.
Ақтөбе облысы.