Қылмыс • Бүгін, 18:57

Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер көлікпен жылқыларды қуып жүріп, оларға оқ атқан. Жылқыларды қырып салған күдікті жердің иесі екені анықталды.

«Басқа адамның мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Нұра ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы