
Нобель комитетінің баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, физикадағы басты сұрақтардың бірі – кванттық-механикалық құбылыстар байқалуы мүмкін жүйенің ең үлкен өлшемі қандай деген мәселе. Биылғы лауреаттар электр тізбегінде тәжірибе жүргізу арқылы кванттық туннельдеу мен энергия деңгейлерінің квантталуын айқын көрсете алған. Бұл жүйенің көлемінің кішілігі соншалық, оны қолмен ұстауға болатын болған.
Cонымен ең жоғарғы сыйлықтың иегерлері:
Джон Кларк 1942 жылы Кембриджде дүниеге келген. 1968 жылы Кембридж университетінде докторлық дәрежесін қорғаған. Қазір Калифорния университетінің (Беркли) профессоры.
Мишель Х. Деворе 1953 жылы Парижде туған. 1982 жылы Париж-Юг университетінде докторлық дәрежесін алып, бүгінде Йель университетінде (Нью-Хейвен) және Калифорния университетінде (Санта-Барбара) профессор қызметін атқарады.
Джон М. Мартинис 1958 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Берклидегі Калифорния университетінде докторлық дәрежесін алған. Қазір Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің профессоры.