Президент • Бүгін, 15:30

«Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойылды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды.

Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.

Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді.