Тағайындау • Бүгін, 15:20

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Сенаты 51 дауыспен Джули Стаффтты Қазақстандағы елші қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Cleveland басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Фото: Ашық дереккөз

Кәсіби дипломат Стаффт бұған дейін Молдова мен Джибутидегі АҚШ миссиялары басшысының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ Ресей, Эфиопия және Польшадағы американдық дипломатиялық өкілдіктерде жұмыс істеген.

Джули Стаффт Case Western Reserve University мен Duke University оқу орындарын тәмамдаған. Орыс, румын, француз және поляк тілдерін еркін меңгерген.